422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауға Иран, Әзербайжан және Кореядан келгендер ауруханаға жатқызылды

  • 574
  • UPD: 19:38, 04.03.2020

Ақтауға Иран, Әзербайжан және Кореядан келген 19 адам облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылды. Олардың 17-сі Иран азаматы. Ал екеуі Сеул мен Бакуге барып қайтқан маңғыстаулық тұрғындар. Олардың бірден дене қызуы өлшеніп, денсаулығы тексерілді. Сынама алынып, Алматыға жіберілді.

Айта кетерлігі, Иран – коронавирустың қауіптілігі бойынша 1-санаттағы мемлекет.

«Сондықтан бұл елден келген адамдарды оқшаулап, профилактикалық  шаралар жүргіземіз»- дейді мамандар. Қазір диспансерде 200 адамға арналған арнайы стационар жасақталған. Шетелден келгендер мұнда 14 күн бойы дәрігерлердің жіті бақылауында болады. 

Әсима Жұмабайқызы, қалалық тауар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

- Орынсыз үрей тудырудың қажеті жоқ. Бұл шаралар қауіптің алдын алу үшін жасалып жатыр. Бізде, Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Ауруханаға жатқызылғандардың басым бөлігі Ираннан келген. Арасында кеме экипажының мүшелері бар. 

Бүгіннен бастап осы Иран мен Әзербайжаннан келетін кемелердің Қазақстан порттарына кіруіне шектеу қойылды. Ақтау мен Құрық теңіз порттарында қауіпті індеттің алдын алу шаралары күшейтілді. Шетелдік жүк кемелерінің экипаждарына жағаға шығуына тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы