418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус табылған жоқ – ҚР СІМ

  • 364
  • UPD: 20:25, 04.03.2020
Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус табылған жоқ – ҚР СІМ

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram парақшасы ақпарат таратты.

«Бүгін 4 наурызда Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігінің қолдауымен осыған дейін «COVID-19 вирусын жұқтырды» деген азаматымыз коронавирус бар-жоқтығын анықтауға қажетті барлық сараптаманы тапсырды. Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі корей орталығының хабарлауынша, отандасымыздың анализ нәтижелері вирустың жоқ екенін  көрсеткен. Аталған азаматымызға тест нәтижелері таныстырылды», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта.

Еске сала кетсек, осыған дейін орыс тілді БАҚ-та Кореядағы Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат шыққан еді.

Хабар 24 телеарнасы