426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызметкері парамен ұсталса басшысы қандай жағдайда жұмыстан шығады?

  • 437
  • UPD: 20:49, 04.03.2020

Мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен ұсталса, басшысы өз еркімен қызметтен кетуі тиіс. Жаңа заң осылай дейді. Ереже бойынша мұндай басшы сот үкімінен кейін 10 күннің ішінде қызметінен кету туралы өтініш беруі тиіс.

Бірақ заң өткен жылдың 10 желтоқсанынан кейін жасалған қылмыстарға ғана қатысты. Бір айта кетерлігі, мемлекеттік қызметкер жұмысқа алынғаннан соң үш ай өткеннен кейін жасалған жемқорлық үшін ғана жауапты болмақ.  

Ерлан Сапаров, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры:

- 10 желтоқсаннан бері қарайғы уақытта үш қылмыстық іс қана тоқтатылған. 136 тұлға бойынша сот үкімі шыққан. Бірақ бұлар жаңағы 10 желтоқсанға дейінгі жасалған қылмыстар бойынша орын алып отырған фактілер. Сондықтан отставкаға беру туралы бүгін фактілер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы