447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ гуманитарлық заң университеті өз студенттерін қашықтан оқыта алады

  • 134
  • UPD: 23:45, 18.03.2020
Қазақ гуманитарлық заң университеті өз студенттерін қашықтан оқыта алады

Ол үшін білім ордасы арнайы технологиялық платформа қолданып, онлайн түрде дәріс бере алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғары оқу орны үшін коронавирус кедергі емес дейді білім мекемесінің басшылығы. Оқытушылар мен студенттер бейне қоңырау арқылы байланысып, оқуды кез келген жерде жалғастыра алады.

Сергей Пен, ҚАЗМЗУ университетінің ректоры:

- Қандай жағдай болмасын, біз уақыт жоғалтпай, оқу материалына қол жеткізу үшін өте тиімді әдіс қолданамыз. Канвас платформасымен 3 жыл бойы жұмыс істеп келеміз. Студенттерге технологиялық платформаның мобильдік қосымшасын пайдаланған өте ыңғайлы.

Сонымен қатар университетте коронавирусқа қарсы қосымша сақтану шаралары енгізілген. Мәселен, әрбір кабинетте медициналық маскалар, санитарлық тазартқыштар мен вирусқа қарсы мазьдар қойылған.

Хабар 24 телеарнасы