427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұз мектептерінде қазақ ертегілері насихатталды

  • 585
Екібастұз мектептерінде қазақ ертегілері насихатталды

Екібастұз қаласының мектептері бүгін ертегілер еліне саяхат жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баланың ой-өрісін дамытып, есте сақтау қабілетін арттыруға ертегінің таптырмас құрал болатыны әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан қазақ ауыз әдебиетінің сонау дәуірден келе жатқан рухани қазынасын насихаттау кең ауқымды сипатта көрініс тапты. «Анамның ертегісі» фестиваліне 23 қала, 17 ауыл мектебі қатысты. Бастауыш сыныптарда оқитын ұзын саны мыңнан аса оқушы «Тазша бала», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Мақта қыз бен мысық», «Алтын сақа», «Бір жарым дос» сынды ертегілерді шағын қойылымдар арқылы тамашалады. Сонымен қатар оқушылар халық ертегілерінен құрылған викториналық сұрақтарға жауап берді. Балалардың күшімен шағын сахналық қойылымдар әзірленген. Екібастұздағы №26 мектептің бастауыш сынып оқушылары «Мақта қыз бен мысық» ертегісін жеті баланың анасы Айдана Смағұлованың аузынан естіді.

Айдана Смағұлова, «Алтын алқа» иегері:

- Біз бала кезімізден әжелерімізден ертегі тыңдап өстік. Қазіргі заманға сай балалар ертегі көрмейді. «Алдар көсе», «Мақта қыз бен мысық», «Алтын сақа» ертегілері қандай керемет. Күнделікті үй тапсырмасынан кейін міндетті түрде ертегі айтамын.

Жанар Қожанова, Екібастұз қаласындағы №26 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:

- «Рухани жаңғыру» аясында мағыналы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірі – мектебімізде «Анамның ертегісі» атты фестиваль өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ертегілерін жандандыру және оқушылардың арасында насихаттау. Әрине балаларымызға ертегіні әжелеріміз бен аналарымыздан артық ешкім жеткізе алмайды деп ойлаймын. Сол себепті бұл отбасылық тәрбиенің бір бөлшегі есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы