445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейден атыс қаруын жеткізуді ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

  • 126
  • UPD: 10:35, 05.03.2020

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

2020 жылғы 27 ақпанда ҚР ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі мен Полиция департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын тарта отырып, операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топтың қатысушылары ұсталды.  

Көпкезеңді жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 «Макаров» пистолетін және оларға 1300-ден аса патрон тәркіледі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақпарат көзі: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы