435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өлгендердің тізімінде тұрған Тараз тұрғыны жеке куәлігін ала алмай жүр

  • 119
  • UPD: 20:53, 05.03.2020

Тараздың тұрғыны дүниеден озған адамдардың тізімінде тұр. Мұның себебін өзі де білмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді жеке куәлігін ала алмай жүр. 55 жастағы Марат Құрманалиев 10 жыл бұрын халыққа қызмет көрсету орталығына құжат ауыстыру үшін барыпты. Сол уақытта тұрғылықты мекенжайы болмауынан бөлек, өкілетті органға уақытында хабарласпағаны үшін айыппұл төлеуі керек болған. Бірақ оған ақшасы жетпеген көрінеді. Көп ұзамай аты-жөнінің қайтыс болғандардың тізімінде тұрғанын біледі. Жеке куәліксіз жұмысқа кіру не мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкін болмаған соң әр жерге жалданып күн көреді. Көмек қолын созуға жергілікті көші-қон қызметі де шарасыз. Айтуларынша, елімізде құжат толтыру электронды үлгіге ауысқан сәтте әлгі азамат туралы мәліметтер өшіріліп кетуі мүмкін. Олар «мәселені шешу үшін біраз уақыт керек», деп отыр.

Марат Құрманәлиев, қала тұрғыны:

- Барсам, «өліп қалғансың» дейді. Сонымен өліп қалғанда қалай өліп қалғам? Мен тірі адаммын ғой. Дәлелдейтін әкем де, ағам да бар. Бірақ та білмеймін, компьютерде «2012 жылы өліп қалды» деп мені шығарған. Астанада балам бар да, сол жаққа шықырып еді, шыға алмай отырмын еш жаққа. Қазір больницаға жатайын десем, больницаға да жатқызбай жатыр.

Арай Айымбек, қалалық полиция бөлімі көші қон қызмет бөлімшесі басшысының м.а.:

Өлді санатына көшуін әлі алдағы уақытта тексереміз. Нақты анықтаймыз. «Дәл осындай жағдайда болды» деп мен сіздерге қазір айта алмаймын. Қазіргі таңда бұл кісі бізге арыздануы керек, жазбаша түрде. Жазбаша түрде арыз түскеннен бастап біз тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Азаматтың өзінің де кінәсі бар, 10 жыл бойы көші-қон полициясына келмей, хабарын бермеген. Құжаттарын ауыстырмаған себепте болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы