443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


8 наурыз қарсаңында ер азаматтардың бұрымдыларға жиі таңдайтын сыйлығы қандай?

  • 135
  • UPD: 21:58, 05.03.2020

Елордалықтардың бір шоғыры бұл күнде дүкен жағалап сыйлық іздеп жүр.

Біреуі анасын, апасы, қарындасын, бірі жан жарын құттықтауға асық. Сонымен ер азаматтардың бұрымдыларға жиі таңдайтын сыйлығы қандай?

8 наурыз қарсаңында саудаланатын сыйлықтардың көш басында бұрынғыша гүл шоқтары келеді. Әсем өсімдіктің түр-түрі елімізге көбіне Эквадордан әкелінеді. Сатушылардың айтуынша, Латын Америкасынан гүл тасымалдау Кәрі құрлықтан жеткізгеннен әлдеқайда арзанға шығады. Мәселен, отандық салондарда сатылып жатқан раушангүл бағасы 800 теңгеден басталады.

Гүл сатушылардың айтуынша, қазір «ер мен әйел бақыты» деп аталатын қос гүлді құмырасымен табыстау сәнге айналып жатыр. Сонымен, қала тұрғындары мен қонақтарының таңдауы қандай сыйлыққа түсіп жатыр?

Блиц 1:

- Гүл беріп жатады, біреулер тірі гүл беріп жатады. Не берсе де, жарасады ғой. Ең бастысы көңілді болса болды.

Блиц 2:

- Біздің топ жетекшісіне келе жатқан осы мерекеге гүл сыйлаймыз. Ол кісі гүлді өте жақсы көреді.

Блиц 3:

- Жолдасым әрдайым бірінші кезекте гүл сыйлайды. Ал негізгі тарту меніңше, тосынсый болуы керек. Әйелдер қауымы үнемі гүлдей құлпыра берсін. Келе жатқан мереке құтты болсын.

Блиц 4:

- Мен ешкімнен ештеңе күтпеймін. Әркім көңіліне байланысты ғой. Ең бастысы көңіл. Көңіл болса, бәрі болады.

Блиц 5:

- 7 наурыз өзімнің анашымның туған күні. 8 наурыз әйелдер мейрамы. Соған байланысты сыйлық болғанда паркке шақырып, гүл шоқтарымен қарсы алып, гитарамен өлең айтып құттықтасам деген ойым бар.

Гүлмен қатар зергерлік бұйымдарға және опа-далапқа сұраныс жоғары. Әсіресе, сүйіктілеріне қымбат әтір алушылар көп. Елордадағы бутик қызметкерлерінің айтуынша, түскі ас кезі мен кешкі уақытта келушілер қарасы қалың.

Блиц 1:

- Мен үшін сыйлық тарту сәні бір. Әйелдер мерекесінде әрдайым гүл мен қымбат әтір сыйлауға тырысамын. Мұнда ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ сияқты.

Блиц 2:

- Әріптестеріміз үшін сертификат сатып алайын деп жатырмыз. Өйткені, опа-далапқа келгенде әр нәзік жандының қалауы әртүрлі. Ал туғандарым үшін ерекше сыйлық жасағым келеді.

Осылайша, анықтағанымыздай, қарбалас сәтте гүлдерге, зергерлік бұйымдарға, опа-далап пен әтірге және тәттілерге сұраныс жоғары. Нәзік жандардың бір бөлігі сыйлықтың құнына мән берсе, енді бір бөлігі сыйды тарту ерекшелігіне басымдық береді.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Аят Дүйсембаев

Хабар 24 телеарнасы