445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО тұрғыны жылыжай салмай-ақ гүл өсіріп, көл-көсір пайда тауып отыр

  • 252
  • UPD: 21:51, 05.03.2020

Қалауын тапсаң қар жанады. Күршім ауылындағы Әсел Мауытқызы жылыжай салмай-ақ гүл өсіріп, онысынан көл-көсір пайда тауып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір оның шаңырағында 10 мың түп гүл жайқалып тұр.

Гүл өсіруді жастайынан жаны сүйетін- Әсем Мауытқызы үшін қазір бұл негізгі жұмысы. Ерекше төзімді талап ететін және өте нәзік еңбек түрінің табыс көзі боларына да сенбеген. Өйткені қысы аз дегенде алты айға созылатын өңірде мыңдаған гүлді үйде күтіп-баптаудың да өзіндік қиындығы бар. Бірақ әр талы гүл ашқанда барлық қиындық ұмыт болады.

Әсем Мауытқазы, гүл өсіруші (кәсіпкер):

- 2-3 айдан кейін гүлдегенін көрген кезде адам бақытты сезінеді екен. Қандай адам болса да, адам өз-өзіне бақыт сыйлағысы келеді. Сол үшін гүлдерді алады екен.

Әсемнің негізгі мамандығы – психолог. Бұрын бастауыш сыныпта мұғалім болған. Ал гүл өсіруді соңғы екі-үш жылда нақты қолға алған.

Олжас Керейхан, тілші:

- Негізі гүл өсіру еріккеннің ермегі емес. Ерекше қажыр-қайрат пен төзімді қажет ететін еңбектің түрі. Бастапқыда мына аядай ғана бөлмеде бірнеше түптен басталған жұмыс қазір 10 мың түп гүлге жетті. Кәсіпкер енді тек гүл ғана емес, Алтайдаң аршасы мен шыршасын да өсіре бастаған.

Әсемнің қызғалдаққа қызығушылақтан басталған ісі қазір біртіндеп қанатын жайып келеді. Бүгінде гүлдің 10-нан астам түрі өсіп тұр. Ал анасы Фариза апай да гүл өсіруге құмар жан. Былтырдан бері біртіндеп отбасылық шағын бизнеске айналған.

Фариза Бекбауова, Күршім ауылының тұрғыны:

Кешке жақын бәріміз қараймыз.Қай жерде кім гүл өсіріп жатыр екен. Қандай нәрсемен өсіріп жатыр екен.Саяжайда ма? Қай жерде? Жоқ әлде жылыжайда ма? соның бәрін қарап отырамыз, бақылап. Алла бұйыртса, ендің өзіміздің отбасылық бизнеске айналдырамыз ба деп отырмыз. Үмітіміз бар.

Үмітті одан ары үкілендіруге кәсіпкердің әзірше жайлы орны мен қаржысы қолбайлау. Оған қарамастан, жыл сайын гүлдің санын көбейтіп келеді. Ол үшін үйдің кіреберіс бөлігін жылыжайға айналдырып отыр.

Әсем Мауытқазы, гүл өсіруші кәсіпкер:

- Биыл ойлаймын, түрін көбірек өсірсем деп. Қызғалдақты да, шырайгүлді де. Былтыр жай ғана шырайгүл еккем. Гүлдердің фестивалін өткізсем бе арманым бар. Гүлдердің бәрін жайнатып тұрып, үлкен фестиваль өткізсе деп ойлаймын.

Жерлестері Әсемнің қола алған ісін қуана қолдап отыр. Өйткені бұрын гүл алу үшін Өскеменге арнайы баратын. Былтыр жазда аудан орталығын абаттандыруға да алған. Ал биыл қыста еккен гүлдерін 8 наурыз мерекесіне орай жан-жақтан тапсырыс түсіп жатыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы