427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Flybe әуе компаниясы банкротқа ұшырады

  • 470
  • UPD: 23:09, 05.03.2020
Flybe әуе компаниясы банкротқа ұшырады

Еуропадағы ірі әуе компанияларының бірі – британиялық Flybe банкротқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бірлестіктің қаржылай қиындыққа тап болуы себеп. Коронавирус салдарынан жолаушылар азайған. Ал үкімет бұл бірлестікті қолдаудан бас тартқан. Сөйтіп, компания барлық рейстерін тоқтатты. Енді 2 мың қызметкер жұмыссыз қалуы мүмкін.

Айта кетейік, Еуропада Flybe компаниясының қызметін жыл сайын 9 миллион жолаушы пайдаланып келген.

Грант Шеппс, Ұлыбритания көлік министрі:

- Әрине, Flybe компаниясының банкротқа ұшырауы бәрімізге ауыр тиді. Бұл елге танымал бренд. Соңғы 40 жылда оның ұшақтарымен еліміздің талай азаматы сапар шекті. Біз компанияға жан-жақты қолдау көрсеттік. Бірақ коронавирустың кесірінен дағдарысқа шыдас бере алмады.

Хабар 24 телеарнасы