421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алабарыстың фототұзаққа түскен сәтін желіге жиі жариялау дұрыс па?

  • 350
  • UPD: 23:32, 05.03.2020
Алабарыстың фототұзаққа түскен сәтін желіге жиі жариялау дұрыс па?

Алабарыстың фототұзаққа түскен сәтін әлеуметтік желілерге жиі жариялау қаншалықты дұрыс?

Сирек кездесетін жыртқыштың жүрген жерін қайталап көрсете беру браконьерлерді жаман ойға жетелемей ме? Бұл – Маңғыстаулық табиғат сақшыларының ойы. Алабарыстың аталығы мекен еткен Үстірт қорығының көлемі 240 гектардан асады. Осыншама жерді инспекторлар 10 күндік вахталық кезекпен ауысып күзетеді. Қорықтың барлық тұсын бір мезетте бақылау мүмкін емес. «Мысықтұқымдас жыртқыштың қаскөйлердің қолына түспеуіне кепілдік жоқ», - дейді аумақтық инспекция қызметкерлері.

Айта кетейік, алабарыс үш жыл бұрын көрші түрікмен жерінен ауып келді деген болжам бар. Маңғыстау өңіріне жерсінген дала хайуанын енді Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуге ұсыныс дайындалып жатыр.

Ғаббас Досатов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының м. а.:

- Бізге телефон соғып, болмаса, басқа да қызығушылығы туындаған тұрғындар көбеюде. Қай жерде кездесті, қашан кездесті, барып көруге бола ма деген сияқты. Үстірт қорығы ерекше қорғалатын таулы аймақ. Бұл жерге кез келген адамның кіріп-шығуына рұқсат жоқ. Осы алабарыстың үш жыл қатарынан фототұзаққа түскені Маңғыстауда, Қазақстанда бар екенін көрсетеді. Сондықтан қазір Қызыл кітапқа енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өз тарапымыздан Комитетке, министрлікке болашақта тағы да түсетін болса әлеуметтік желілерге өте сирек шығару, жиі шығармау жөнінде ұсыныстарымызды береміз.

Хабар 24 телеарнасы