423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Біз жеңістің мұрагеріміз» эстафетасы Оралға жетті

  • 426
  • UPD: 23:41, 05.03.2020
«Біз жеңістің мұрагеріміз» эстафетасы Оралға жетті

«Біз Жеңістің мұрагеріміз». Осылай аталатын еске алу эстафетасы 5 ақпанда Алматы қаласынан бастау алған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін эстафетаның басты атрибуты Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизияның Жауынгерлік туының көшірмесін Оралдағы 5517 әскери бөлімі жаңаөзендіктерден қабылдап алды. Салтанатты жиынға қатысушылар Ұлы Отан соғысында шейіт кеткен боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мәңгілік алауға гүл қойып, тағзым етті. Түрлі күштік құрылым қызметкерлері алаң төрінде сап түзеп, шеру тартты. Эстафетаға Ұлттық ұланның 24 қаладағы гарнизоны қатыспақ. Жауынгерлік ту Жеңіс мерекесіне дейін барлығы 11 мың шақырым жолды артта қалдырмақ.

Бақыт Алазов, ҚР Ұлттық ұланның батыс өңірлік қолбасшысының орынбасары:

- Мақсаты – қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысындағы ұлы ерлігіне тағзым ету. Жауынгерлік туды бүгін Орал қаласы қабылдап отыр. Әрі қарай еліміздің ірі 7 қалаларына өз жолын жалғастырып, кейін 9 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Жеңіс парадында өз жолын аяқтайды.

 

Хабар 24 телеарнасы