425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық волонтерлер әйелдерге мыңнан аса қызғалдақ сыйлады

  • 576
  • UPD: 09:48, 06.03.2020
Елордалық волонтерлер әйелдерге мыңнан аса қызғалдақ сыйлады

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында елордалық волонтерлер «Көктем шуағы» акциясын өткізді.

5-8 наурыз күні өтетін акция аясында аяулы арулар мен аналарға мыңнан аса қызғалдақ гүлін сыйлайтын болады. Бүгінгі акция қала халқы көп шоғырланған «Астаналық» сауда орталығы мен «Тұлпар» сауда үйінің іргелес аумағында өтті. Волонтерлер сауда орталығының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Акцияға 20 ерікті қатысты, олардың ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын волонтерлер де бар. Волонтерлар көктемгі мерекеде әйел азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлау арқылы ерекше әсерге бөленгендерін атады.

«8 наурыз – ерекше мейрам. Көктем мерекесі. Біздің акциямыз ардақты аналарға, апа-қарындастарға, барлық әйелдер қауымына арналады. Гүл сыйлап тұрған алғашқы секундтарда қыздар таңданып, сенімдікпен қарайтын. Кейіннен қуанып, осылай көңіл бөлгенімізге алғыстарын білдіріп жатты», - деді елордалық волонтер Әділет Байбосынов.

Акция 8 наурызға дейін созылады және волонтерлар гүлді коммуналдық сала қызметкерлеріне, мәдениет, медицина және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, сондай-ақ түрлі сала мамандарына таратады.

Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы