427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодардың гүл нарығындағы жағдай тұрақты

  • 746
  • UPD: 10:09, 06.03.2020

Мереке қарсаңында Павлодардың гүл нарығындағы жағдай тұрақты. Дегенмен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 процентке қымбаттаған.

Табиғаттың әсем жаратылысы Ертіс өңіріне үш бағыт бойынша жеткізіледі. Оның үстіне облыс аумағында нидерланд тәсілмен раушан гүлін өсіретін заманауи жылыжай кешені орналасқан. Ол жылына 8 миллион дана өнім береді. Жыл басынан бері  1 миллион 700 мың гүл  нарыққа шықса 50 мыңы экспортталыпты. Жылыжай кешенінде  гүлдің бір данасы 200 бен 500 теңгенің айналасында босатылады. Мереке қарсаңында бағбандар ішкі нарыққа басымдық берген. Өңірге гүлдің басқа түрлерін жеткізетін кәсіпкерлер алдағы мерекелерге тыңғылықты дайындалған. Сондықтан гүл тапшылығы болмайды. 

Рашид Көкішев, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі жетекшісінің орынбасары:

- Бүгінгі таңда Павлодар қаласы бойынша гүл өнімдерінің бағасына тоқталсақ, қызғалдақтар 300 теңгеден басталады. Раушан гүлдері - 700-ден 1100 теңгенің айналасында. Гүлдің бағасы тұрақты. Алдағы мерекеге жеткілікті деңгейде қор жасалған. Біздің өңірге өнім Степногорск қаласынан және Алматы облысынан сонымен қатар Екібастұз жылыжайынан әкелінеді.

Хабар 24 телеарнасы