412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық қыз-келіншектерге 1001 қызғалдақ тарту етілді

  • 383
  • UPD: 15:03, 06.03.2020

Елорданың қыз-келіншектеріне 1001 қызғалдақ тарту етілді. «Астана жастары» волонтерлері ұйытқы болған іс-шараға кәсіпкерлер де үн қосып, бұрымдыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бүгін белсенді топ «Астаналық» сауда кешенін аралап, сол маңдағы қыз-келіншектерді құттықтады. Жалпы «Көктем шуағы» акциясы кеше басталды. Ол 8 наурызға дейін жалғасады. Волонтерлердің айтуынша, көктем мерекесінде әйелдер қауымына гүл сыйлап, олардың жүзінен жылылықтың белгісін сезіну олар үшін үлкен мәртебе.

«Біздің акциямыз аналарымыз бен әпкелерімізге, тұтас әйелдер қауымына арналады. Қызғалдақ гүлін тарту еткенде қыз-келіншектердің басым бөлігі таң қалды. Сосын қуаныштарын жасыра алмай, игі істі ұйымдастырғандарға алғысын жаудырып жатты» дейді волонтер Әділет Байбосынов.

Енді олар коммуналдық қызмет пен мәдениет мекемелерінде, сондай-ақ медицина және әлеуметтік ұйымдарда еңбек ететін бұрымдыларды құттықтайды.

Хабар 24 телеарнасы