425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы киелі орындардың басым бөлігі ұлттық маңызға ие

  • 738
  • UPD: 14:46, 06.03.2020
ШҚО-дағы киелі орындардың басым бөлігі ұлттық маңызға ие

Шығыс Қазақстан облысында 38 киелі орын бар. Олардың 25-і ұлттық маңызға ие. Бұл тізімнің арасында  түрлі  тарихи жәдігерлермен елді елең еткізген Тарбағатай ауданындағы Шілікті археологиялық кешенін де кездестіресіз.

Сырға толы аймақта 200-ден астам қорым жатыр. Қатонқарағайдағы «Берел» де осы қатардан табылады. Ол жер де ғасыр қойнауынан сыр беретін құндылықтарға толы. Облыс орталығына жақын орналасқан Ақбауыр да киелі орындар қатарына жатқызылып отыр. Ол аймақта сақтардың қонысы болғанын дәлелдейтін дүниелер өткен жазда табылған еді. Осы сияқты мекендердің кереметін жас ұрпаққа таныстыру бүгінгі ұстаздардың басты мақсаты. Өскеменде осы тақырыпқа арналған ұстаздар семинары өтті. Тарихшылар мен географтар, өлкетану мұғалімдері тарихи жерлерді жастарға насихаттаудың жолдарын талқылады. Осы тақырыптағы мақалалары мен зерттеулерін таныстырды. Енді ұстаздардың бұл бағыттағы ізденістерін топтастырып, еңбектер жинағын басып шығару жоспарланып отыр. 

Динара Мамырбекова, семинар ұйымдастырушысы:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарға біздің осындай орындар бар екенін,солармен таныстырып, оларды ары қарай да сақтаудың жолдарына,түрлерімен таныстыру.

Хабар 24 телеарнасы