399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

  • 409
  • UPD: 17:58, 06.03.2020

Елдорда әкімі нәзік жандыларды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алтай Көлгінов екінші дүниежүзілік соғыс қатысқан ардагер Нұршида Шәріпқызының үйіне арнайы барып, сыйлық табыстады.

Нұршида әжейдің жасы биыл 98-ге келеді. Соғыс жылдарында төртінші Украина майданында барлау бөлімі жанындағы медициналық бөлімде қызмет еткен. «Екінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен ,«Кеңес одағының маршалы Жуков» медалімен және Қазақстан мен Украинаның көптеген мерейтойлық наградаларымен марапатталған. Құттықтау барысында қала басшысы ардагерге мықты денсаулық тілеп, бейбіт күніміз үшін алғыс білдірді.

Нұршида Ахметова, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Аналарды, үлкен әжелерді мерекемен құттықтаймын. Бақытты болыңдар, дендерің сау болсын. Ешкім қиыншылық көрмесін. Бәрі тыныш болсын.

Хабар 24 телеарнасы