439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде медициналық маска тапшы

  • 187
  • UPD: 20:46, 06.03.2020
Ақтөбеде медициналық маска тапшы

Ақтөбеде де короновирус инфекциясының алдын алу жұмыстары қауырт, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуежай мен вокзалда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейген. Ресейге өтетін шекара маңындағы «Жайсаң» және «Әлімбет» өткізу бекеттерінде де карантиндік пункттер жұмыс істеп тұр. Алдын алу шаралары басталған ақпанның орта шенінен бүгінге дейін облысқа 165 адам келген. Оның арасында Қытай, Иран және Германия елінің азаматтары бар. Бірақ ешқайсысынан инфекция белгілері анықталмады дейді мамандар. Дегенмен қалада медициналық бетперде тапшылығы сезіледі. Кейбір дәріханаларда мүлде жоқ.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

– Қазіргі таңда Ақтөбе облысында тапшылық болып отыр. 15 647 масқа сатылуда бар. 4 наурыздан бастап, бізде жеке шаруашылық маскаларды тігуді бастады. Ол жетісіне 25 мың маска шығарады. Енді бұл жағдай бірте-бірте дұрысталады деп сенеміз.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Бірде-бір короновирустық инфекциямен науқас тіркелген жоқ. Егер ауру анықталған кезде қайда жатады, онымен қатынаста болған адамдарды шектеу мәселесі, соған орай жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Және қажетті дәрі-дәрмектердің қоры жинақталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы