425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» агенттігі 8 наурызға арнайы жоба әзірледі

  • 716
  • UPD: 20:58, 06.03.2020

Танымал әншілер Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі халық көп жиналатын қоғамдық орындарға барып, ақ жаулықты аналарға, қылықты қыздарға гүл сыйлап, бірге ән шырқады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған, Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы» әнін білмейтін жан жоқ. Бұл әннің арнайы жоба үшін таңдалуы да сондықтан. Әлемге жылылық сыйлаған ананың махаббатын жеткізген әсем әнді Алматы тұрғындары сүйікті әншілерімен бірге шырқады. 

Қайрат Нұртас, әнші:

– Мінекей, бүгін біз базарға келіп, аналарымызды 8 наурыз халықаралық мейрамымен құттықтай отыра, қуантып жатырмыз. Бірге ән салдық. Өте керемет.

Жоба қоғамдық орындарда түсірілгендіктен, жалпыхалықтық сипат алды. Алысқа жол жүріп бара жатқан жолаушы да, базардан керегін сатып алуға келген тұтынушы да түсірілімнен тыс қалмады. Көпшіліктің жүзінен шынайы сезім, боямасыз әсер анық байқалды.

Әсел Тұрсынғазина, жоба продюсері:

– 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Хабар» арнасынан тарту, тосын сый десек те болады. Жанры да ерекше, яғни бұл бір бейнебаян мен флэшмобтың синтезі деп айтсақ болады.

Бұл жоба халық үшін шын мәнінде тосынсый болды. Сахна мен телеэкраннан ғана көретін әншілерін өз орталарында көріп, олардан сыйлыққа гүл аламыз деп ойламанған да болар.

Төреғали Төреәлі, әнші:

– Барша аяулы жандарды, ардақты аруларды мерекемен шын жүректен құттықтағым келеді. Тек 8 наурыз күні ғана емес, көктем мезгілінде ғана емес, жыл он екі ай құрметке лайық жандар екендеріңізді ұмытпағайсыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Жоба авторы – «Хабар» Агенттігі. Мереке қарсаңында әріптестеріміз де елорданың нәзік жандыларына гүл сыйлап, көңілдерін көтерді.    

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы