399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде шетелдік туристік сапарларға сұраныс азайған

  • 257
Елімізде шетелдік туристік сапарларға сұраныс азайған

Соңғы бір аптаның ішінде 63 ақмолалық туристік сапардан оралған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар олардың короновирус қаупі жоғары елдерде болмағандығын айтады. Дегенмен бәрі бақылауға алынған. Туризм саласы қызметкерлерінің айтуынша, өткен айдан бері шетелге баратындар азайған. Жаппай болмаса да, кей адамдар алдын ала жоспарлаған турларынан бас тартқан. Бұған Қытай бастаған бірнеше елмен әуе қатынасының шектелуі себеп. Жалпы Ақмола облысында қазір 70 шақты туристік фирма бар. Олардың 20-дан астамы тек шетелдерге тур-сапарлар ұйымдастырумен айналысады. 

Наурызбек Бекбаев, облыстық туризм басқармасының бас маманы:

– Короновирустың алдын алу үшін қазір туризм басқармасы турфирмалар және санитарлық дәрігерлермен бірігіп, тиісті жұмыстар атқаруда. Мәселен, туристік операторлар қай елден қанша адам келгені жайлы ақпарат береді. Біз оны эпидемиологтарға өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы