448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлік төбесіне адам отырғызған жүргізуші жауапқа тартылды

  • 109
  • UPD: 10:30, 07.03.2020
Көлік төбесіне адам отырғызған жүргізуші жауапқа тартылды Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері көлігінің үстіне бірнеше адамды отырғызып, жол жүрген жүргізушіні Әкімшілік кодекстің төрт бабымен жауапқа тартатын болды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

ВАЗ-2106 автокөлігінің үстінде бірнеше адамның отырып алған бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған болатын. Полиция жүргізушінің аиты-жөнін анықтады.

Тексере келе Ордабасы ауданының тұрғыны 1 наурыз күні көлік тізгінінде отырған сайрамдық азаматқа машинасын сатқаны белгілі болды. Сөйтіп тәртіп сақшылары автокөліктің жаңа иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бабы бойынша хаттама толтырды: 230-бабы – «Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу», 590-бабы – «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 593-бабы – «Жол жүрісі қағидаларында жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», 612-бабы – «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы».

Көлік тізгінінде болған азамат өзінің әрекеті заңсыз екенін және жолаушылардың өміріне қауіп төндіргенін мойындап, кешірім сұрап, алдағы уақытта қайталамайтынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы