443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық кәсіпкерлерге кеңес беру акциясы жалғасып жатыр

  • 95
  • UPD: 11:15, 07.03.2020
Елордалық кәсіпкерлерге кеңес беру акциясы жалғасып жатыр inform.kz

Елордада «Кәсіпкерлерге кеңес беру» акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік органдары мен ұйымдары бірлесіп, елорданың халқы көп шоғырланған орындарда «Кәсіпкерлерге кеңес беру» ашық есік күнін өткізіп келеді.

«Аталған шарада кәсіпкерлер мен келушілер салық заңнамасы, тіл және жарнама туралы заңнама, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жинақтау және өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерін сақтау және тағы да басқа сұрақтар бойынша кеңес алады», делінген хабарламада.

Жоспар бойынша «Кәсіпкерлерге кеңес беру» акциясы жылдың соңына дейін елорданың ірі 24 сауда орталығында өткізіледі. Алдағы консультациялық көмек беру шарасы 17 наурыз күні «Солтүстік» сауда үйінде ұйымдастырылады. Шараның басты мақсаты – қаладағы іскерлік ахуалды жақсартып, шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін арттыру.

 

Хабар 24 телеарнасы