426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жолда қалған 26 көлік жолаушылары құтқарылды

  • 270
  • UPD: 13:00, 07.03.2020
ШҚО-да жолда қалған 26 көлік жолаушылары құтқарылды inform.kz

Шығыс Қазақстанда облысындағы Омбы – Майқапшағай бағытында бірнеше көлік жолда қалып қалды.

Олар жүре алмай қалған Байбура учаскесі – аңызақ жел үзілмейтін ең қауіпті аймақтардың бірі. Құтқарушылар 26 көлікті қардан аршып, олардың сапарларын жалғастыруға көмектесті. Бұл шаруаға жол қызметі мекемесінің мамандары да атсалысты. Эвакуациядан бас тартқандықтан, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жолаушыларды қауіпсіз жол бөлігіне дейін шығарып салды. Жолды барлаған құтқарушылар бұдан соң тағы бірнеше көлікті қардан аршып алды. Тек бір ғана көліктегі адамдар эвакуациядан бас тартпай, Көкпекті ауданындағы өрт сөндіру пунктіне жеткізілді. Қазір жолды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы