420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ішкі туризмді дамыту үшін ұшақ билеттерін арзандату қажет

  • 462
  • UPD: 14:19, 07.03.2020
Ішкі туризмді дамыту үшін ұшақ билеттерін арзандату қажет

Тараздағы туристік компания өкілдері осындай ұсыныс жасап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көпшілік сонда ғана еш қиындықсыз Каспий теңізі мен Алакөлге емін-еркін қатынай алады. Әуе кемесі арқылы Таразға барып, тарихи орындарға саяхаттау мүмкіндігі де артпақ. Қазір өңірде 24 туристік компания жұмыс істейді. Бірақ олар турист тартуға тырысқанмен, шығындары артып барады. Себебі, короновирусқа байланысты шекарасы жабылған елдерге жолдама алған адамдар ақшасын қайтарып алып жатыр.

Альбина Веймер, туристік орталықтың директоры:

- Мысыр еліне билет алып қойғандар болды делік, олардың сол мемлекетке барғысы келмей қалса, айыппұл ретінде белгілі бір сома ұсталатынын ескерткім келеді. Ал, егер бірнеше күн бұрын айтып, арнайы рейс ұшатын болса, онда 100%-тік айыппұл төлетеді.

Хабар 24 телеарнасы