411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды

  • 288
  • UPD: 15:19, 07.03.2020
ШҚО-да өзендерінде мұз жару жұмыстары басталды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Бұқтырма, Тұрғысын, Шемонаиха ауданындағы Үбі, Глубокое ауданындағы Глубочанка мен Үлбі өзені бассейндерінде орналасқан елді мекендерді су басу қаупі, сондай-ақ Үржар мен Көкпекті аудандарындағы таулы аймақтарда беткейден ағыс қалыптасу ықтималдығы жоғары.

Осыған байланысты барлық қалалар мен аудандарда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы көпірлер мен су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 816,5 мыңнан астам текше метр қар шығарылды. 79,6 мың дана құм салынған қап пен 4,5 тонна инертті материал дайындалды.

Мұз құрсауының алдын алу үшін өзендерде профилактикалық жару жұмыстары жүргізілуде. Жалпы алғанда мұзды қопсыту жұмыстары 7 аудандағы 21 учаскеде жоспарланған.

Жұмыстар Шемонаиха және Бородулиха аудандарындағы Үбі өзенінде жүзеге асырылды. Шемонаиха қаласындағы автомобиль көпірі ауданында 2900 шаршы метр аумақта мұз ұсатылса, Жоғарғы Үбі және Үлбі ауылдарында 7040 шаршы метр, Бородулиха ауданындағы Красный Яр ауылында 580 шаршы метр жерде мұз қопсытылды.

Бұдан әрі қарай жұмыстар Бесқарағай, Күршім, Қатонқарағай және Алтай аудандарында және Семей қаласының маңында жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы