447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында аналар алтын және күміс алқамен марапатталды

  • 90
  • UPD: 20:12, 07.03.2020

Президент Жарлығымен Қостанай облысында 47 көп балалы ана алтын және күміс алқалармен марапатталды. Бірқатарына мемлекеттік награданы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өз қолымен табыстады.

Әмина мен Дана бірге жинайды. Үйді тазартады. Балаға да қарайды. Мынау Айша мен Сабыр, олар екеуі  бір-бірімен ойнайды. Мынау Дінмұхамед ол бізде спортсмен, грек-рим күресі.

Жасы отыздан енді асқан Мақпал Сейдахмет алты баланың анасы. Үлкені 13-те болса, кенжесі бір жарым жаста. Үймелі-сүймелі алты баланы бағып-қағуға ата-енесінің көмегі көп болғандығын айтады. Және соңғы жылда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың да септігі мол екен. 

Мақпал Сейдахмет, көп балалы ана:

- Биылдан бастап, Президентіміздің арқасында жаңағы жәрдемақы көбейді, едәуір көбейді. Жалпы жақсы. Біздің балаларымыз репетиторға барып жүреді, ағылшын тілін үйренеді. Біз солардың пособиясын жаңағы білімге жібереміз.        

Қостанай облысында 6 мың 300-ден астам алтын және күміс алқа иегері бар. Биыл олардың қатары 43-ке толықты. Солардың бірқатарына облыс әкімі марапатты өз қолымен табыс етіп, мерекелік құттықтау лебізін білдірді.

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

- Қостанайлық әйелдер қауымын мерекемен құттықтай отырып, ең игі тілегімді жеткізгім келеді. Әрдайым ізгілік пен жақсылықтың жаршысы болып, айналаңызға шуақ төгіп, гүлдеп жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, ырыздық пен мол несібе тілеймін. 

Өз сөзінде өңір басшысы бір кәсіпті менгеріп, жеке ісімді ашам деген аналарға барынша қолдау көрсетілетіндігін айтты. Ал тұрмыс жағдайлары төмен отбасы балаларына осы айдан бастап, гипермаркеттер арқылы әлеуметтік пакеттер беріле бастайды.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы