405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында былтыр 500-ден астам адам заңсыз аңшылықпен айналысқан

  • 285
  • UPD: 20:42, 07.03.2020

Былтыр 500-ден аса адам Алматы облысының аумағында заңсыз аңшылық жасаған. Олардың басым бөлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 26-сына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Табиғат сақшылары жабайы жануарларды атқанымен қатар балық аулау ережесін бұзып, су маржанын сүзгендерді де қолға түсірген. Осындай әрекеті үшін 300-ден астам балықшыға 5 млн теңге айыппұл салынды. Ұсталғандардың дені полиэтиленнен жасалған ауды қолданған екен. Тіпті, тексеріс кезінде онысын тастап қашпақ болғандар да кездесіпті. Алайда олардың бұл әрекетінен еш нәтиже шықпады. Сала мамандары өткен жылы 40 шақырымға жететін тор тәркілеген. Осы жылдың өзінде бірнеше адамның қару асынып, броконьерлікпен айналысқаны әшкерленіп отыр.     

Серікжан Қожахметов, облыс бойынша мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:

- Жыл басынан бері оншақты рейд өткізілді. Соның нәтижесі бойынша 150-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Және 13 қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы