411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда 80 отбасы баспаналы болды

  • 262
  • UPD: 20:38, 07.03.2020

Ал Таразда бұл күні көп балалы аналар, тұрмысы төмен отбасылар және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне салтанатты жағдайда пәтер кілттері табысталды. Жаңа үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған.

Бүгін Ғалия Шегеевада қос қуаныш. Көп балалы ананы мерекесімен ғана емес, баспаналы болуымен де құттықтап жатты. Көптен күткен пәтері көңілінен шықты. Алты баланың анасы кең жарық, жайлы үйге  қоныс тепкенше асық. Осы  апта ішінде көшіп келем деп отыр.

Ғалия Шегеева,  қала тұрғыны:                                  

- Қаншама жылдан беріқарай пәтерлерде жүрдім ауысып. Көбісі пәтерлер көп балаплы анасың деп кіргізбейді. Балаларым қуанып жатыр. Балаларым осыншама қашан аламыз деп сұрап жүретін. Бүгін өте қуанышты.  

Мереке қарсаңында қызғалдақ гүлмен бірге сыйлық ретінде екі бөлмелі пәтердің кілті Ирина Коневаға да табыс етілді. Ұлымен  екеуі енді жаңа үйді жайлы мекенге айналдыру жағын ойластырып жүр. 13 жыл күткен арманына қол жеткізген ананың қуанышы шексіз.

Ирина Конева, қала тұрғыны:                            

- Пәтер жақсы жылы. Мен өте ризамын. 8 наурызға мен үшін ерекше сый.   

Көп балалы аналардан тыс тұрмыс жағдайлары төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, балалар үйінің тәрбиеленушілері де жаңа баспана кілтіне ие болды. Жалға берілетін 80 пәтерлі үйдің басым бөлігі екі бөлмелі. Айта кетелік Тараз қаласында 19 мың адам баспана кезегінде тұр.

Ғазиз Ералиев, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:

- Бұл үйден 16 пәтер жетімдерге берілді. 27 пәтер көп балалы аналарға берілді. 23 пәтер әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтарға және 14 пәтер мемдекеттік ұйым қызметкерлеріне  берілді.                

Кезекте тұрғандарға  кезең-кезеңмен баспана беріледі. 2025 жылға дейін қаладағы 15-ші шағын ауданда 181  көп қабатты үй салу жоспарланып отыр.

Магауия Калиев Анастасия Сулейманова

Хабар 24 телеарнасы