411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасы аруларды мерекесімен құттықтады

  • 286
  • UPD: 20:08, 07.03.2020

Биыл «Хабар» Агенттігінің құрылғанына тура 25 жыл. Ширек ғасыр бойы өзіңізге адал болған біздің ұжым үшін, құрметті көрермен, сіздің орныңыз ерекше. Арулар мерекесі қарсаңында осы құрметімізді көрсетпек үшін өзіміз де көшеге шықтық. Ардақты ана, аяулы қыздарымызды құттықтадық.

Бас шаһардағы «Хабар» арнасының қызметкерлері бүгін нәзік жандылар қауымын келе жатқан мейрамымен құттықтады. Тілшілер естелік сыйлықтарын таратып, қыз-келіншектерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Акция аясында аруларға түрлі танымдық сұрақтар қойылды. 

- Сәлеметсіз бе! Мерекеңізбен! Мына сізге шағын сыйлығымыз. Биыл Хабар Агенттігіне 25 жыл. Осындай айтулы күнге орай шағын акция жүргізіп жатырмыз. Ал енді бір минут уақыт бөліп, біздің бір сұраққа жауап берсеңіз. Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби биші қыз кім?

 - Шара... фамилиясын ұмытып қалдық. 

- Шара Жиенқұлова. Дұрыс. Тағы да мерекеңізбен құттықтаймыз. 

- Қазақстан шыққан тұңғыш айтыскер ақын қыз?

- Сара 

- Дұрыс. Мерекеңізбен! Сізге көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. 

Қазақ тарихынан сыр шертетін сұрақтарға сүрінбей жауап беріп, арнамыздың атынан естелік сыйлық алғандардың арасында шетел азаматтары да болды. Олар тарихи отанына келгенін мақтанышпен айтып, салт-дәстүрді оқып жүргендерін жасырмады. 

- Қазақтан шыққан тұңғыш балерина кім?

- Есімде бар. Қазір айтамын. Нұрсұлу Елубайқызы.

- Оны қайдан білесіз?

- Мен қазақтың дәстүрін оқып жатырмын.

- Ұлтыңыз қандай?

- Мен түрікпін. Біз бауырмыз ғой. Қазақтан шыққанбыз біз де. Осы жерден Анадолы еліне барғанбыз.

-Керемет. Сіздердің отбасыларыңызды «Хабар Агенттігі» атынан шын жүректен құттықтаймыз. 

Өз кезегінде елордалықтар сапалы өнім мен озық технологиялар арқылы көрермен көңілінен шыға білген «Хабар» арнасын 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

БЛИЦ

- «Хабар» Агенттігін өзіңіз жиі қарайсыз ба?

- «Хабар 24» арнасы бар, «Хабар» арнасы бар.

- Жаңалықтар.

- Жаңалықтарды қарайсыз ба? Рахмет.

- «Хабар» Агенттігіне, ең бастысы, табыс тілеймін. Көптеген жаңа жобаны жүзеге асырып, үлкен белестерді бағындыра беріңіздер! 

- «Хабар» Агенттігіне осындай сыйлық берген үшін мыңда бір рахмет. Сізге сәттілік тілеймін. Аналарымыз, апайларымыз, сіңілілеріміз осылай мерекеден мерекеге жете берсін. 

- Денсаулық тілеймін. Махаббат тілеймін. Бақытты болыңыздар. 

- Барлық дүниедегі әйелдер мерекесі құтты болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! 

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Ғани Алшымбаев

Хабар 24 телеарнасы