447,94 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері ардагер ананы құттықтады

  • 116
  • UPD: 21:28, 07.03.2020
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері ардагер ананы құттықтады

Игі істер уақыты. Көктем мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері ардагер ана Әминаш Ибраеваны құттықтады.

Кейуана Ақмола құс фабрикасында құс бағушы болып 42 жыл жұмыс істеген. Алты құрсақ көтерген батыр ана бүгінде зейнетте. Өнегелі өсиетімен немерелерін тәрбиелеуде. Агенттік ұжымы қарт ананың елге еткен қызметіне алғыс айтып, Халықаралық әйелдер күні және Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Әминаш апай құттықтай келген агенттік қызметкерлеріне ұлттық құндылықтар туралы айтты. Сондай-ақ ұлы ақын Абай Құнанбаев пен философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, олардың ұлттың рухани қалыптасуына әсері туралы сөз болды.

Хабар 24 телеарнасы