427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімі нәзік жандыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

  • 461
Елорда әкімі нәзік жандыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады Total.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов нәзік жандыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

«Құрметті аналар, арулар мен аяулы қарындастар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ «Дананың өзі анадан», - дейді. Ана — ақ сүт беріп мәпелеп жеткізіп, әрбір адамды тұлға ретінде қалыптастыратын, тәлім-тәрбие беретін, мейірімі мол жан. Тәуелсіз еліміздің нәзік жандылары мемлекетіміздің жан-жақты дамуына зор үлесін қосып, әртүрлі салаларда табысты жұмыс атқарып келеді. Сіздер ел еңсегін көтерген елордамыздың көркейуі мен жастар тәрбиесіне етене араласып, қоғамда ерен еңбек етіп келесіздер. Шуақты мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, мол тілеймін!» делінген құттықтауда.

Хабар 24 телеарнасы