424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында 4427 бас малдан бруцеллез анықталған

  • 990
  • UPD: 08:28, 09.03.2020

Қарағанды облысында өткен жылы 658 мың ірі қара тіркеліп, оның  4 мың 427-сінен бруцеллез анықталған.

Мал ауруының бұл түрі адамдар үшін де аса қауіпті. Сондықтан өңірде көктемгі жайылым алдында төрт түліктен жаппай сынамалар алынып, егу жұмыстары жүргізілуде.

Біз қазір бірдейлендіру сырғасын салып жатырмыз, осы арқылы базаға еңгізіліп, тіркеуде болады.

Абай ауданының ветеринарлық фельдшері Серік Шәріпов тек бір күнде 100-ге жуық ірі қарадан бірнеше ауру бойынша сынама алады. Нәтижесінде туберкулезден бастап Сібір жарасынан дейін бірқатар ауруларды анықтау мүмкіндігі бар. Аудан көлемінде ірі қараның саны 26 мыңнан асып жығылады. Ал оларды бақылап отыру үшін осындай «сырға» салу маңызды. Биылдың өзінде қауіпті дертті жұқтырғандар бар.

Егінбай Құлшынбаев, Абай ауданының ветеринариялық станциясының басшысы:

- Зерттеу жұмысын жүргізгенде бруцеллез, туберкулезге сынама аламыз. Ауылдар бойынша оң нәтиже бергендер бар. Оларды сою алаңына өткізіп, 30 пайыз өтемақысын төлеп бердік.

Ануархан Әбдіжәлілов асыл тұқымды ангус сиырын өсірмек ниетте. Кәсібін енді бастаған оның сыйырларының жалпы басы 30-дан асқан. Алайда мал бір жұттық екенін жақсы білетін ол дерттің алдын алғанды жөн санайды.

Ануархан Әбдіжәлілов, фермер:

- Мал ауруы шыққан жоқ. Ветеринарлар келіп уақытылы вакцинасын жасап тұрады, витаминдерін береді.

Бүгінде ауданда көктемгі жайылымға дейін мал басын жіті тексеріп үлгеру мақсатында мобильді бригада жұмысын бастапты. Деседе кадр тапшылығы қол байлау болып отыр. 15 ауылдық округі бар ауданда не бары 32 ветеринар маман қызмет етіп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Қарағанды облысының  Шет ауданына қарасты  Еркіндік ауылында Сібір жарасы инфекциясы шығып, салдарынан 2 адам қайтыс болған болатын. 

Авторлары: Дәуренбек Бақдәулетұлы, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы