413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таңның атысымен, күннің батысымен қар күрейтін елорда тұрғыны үй шаруасын да дөңгелетеді

  • 401
  • UPD: 08:51, 09.03.2020

Үй жұмысына ұқыппен қарайтын Ғайни Есмағамбетова жиырма жылдан бері көшенің қарын тазалаудан тартынған емес. Қар борап, аяз қысса да қолынан күрек тастамайды. 

- Ғайни ханым, мерекеңізбен! Рақмет сіздерге! Мейрам күндері де жұмыс істей береді екенсіздер ғой.

- Мейрам күндері жұмыс істей береміз ғой. Қаланың тазалығы, соның бәрі бізге байланысты ғой. Қала таза болса, көркейіп жатса біздің де жақсылығымыз ғой. Еңбек етіп жатқанымыз көзге көрінеді ғой. Жалпы осы жұмыста жүргеніңізге қанша уақыт болды? Осы уақытта жүргеніме 20 жыл болды. 

Қолына күрек алғалы 20 жылдың жүзі болған бұл жанның есімі Ғайни Есмағамбетова. Жасы 58-де. 60-қа тақаса да тың. Жұрт шырт ұйқыда жатқанда тұрып жұмысына келеді. Тұрмыстың қамы ғой. Жеп отқан наны ғой. 

Ғайни Есмағамбетова жұмысшы:

- Таңертең үйге автобусқа шығамыз 4-тен 15 минут кеткенде. Жұмыс басына келеміз. 6-да жұмыс басында боламыз. Күннің суығына, ыстығына қарамаймыз ғой. Жүре береміз. 

«Жүре береміз» деп тұрғаны Ғайни Есмағамбетованың жолдасы да өзі сынды жұмысшы. Екеуі бір бригадада. Бала кезден таныс. Осылайша Нәсіп ағамыз өзінің бала махаббатына үйленіп, отбасын құрған. 

- Ауылда бірге өстік. Бір ауылда болдық. Біз 7 оқығанда бұлар 4-5 оқыған. 

Бүгінде отасқандарына 40 жыл. 1 қызы, 2 ұлы бар. Бәрі отбасылы. Балаларынан 4 немере мен 5 жиен сүйіп отыр. Мереке сайын отағасы  отанасын елеусіз қалдырмайды. 

Нәсіп Дауылбаев, жұмысшы:

- Гүл беремін. Үстелін жасаймын. Ептеп шайын қойып беремін. Қолымнан келгенді істеймін. Ең бастысы, жүрегімді бердім. Басқа немене енді? Жанымызды да береміз бер десе. Басқа немене енді. Осыдан басқа кімім бар енді.

Қаланың тазалығы аса жауапты шаруа. Әсіресе қыста. Биыл тіпті қар көп. Жұмыс та шаш етектен. Бірақ бұл кісілер талмайды. Көп ақша да алмайды. Ол үшін байбалам салмайды.  

- Осы күректің арқасында жемісімізді көріп жатырмыз. Оны кейбіреулер ойлайды. Көшеде жүрген адам. Күрек ұстап. Ол мәселе басқа жұмыста емес. Өзінің қалауы ғой. Өзімізге осы жұмыс ұнайды. 

Бас қалада Ғайни сынды 300-дей әйел бар, қолдары босамайтын күректен, жұмыстарын атқаратын жүрекпен.

Автрлары: Қорған Төреқожа, Дәурен Жұрқабаев

Хабар 24 телеарнасы