432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Риддер қаласында қоқыс өңдеу зауытының құрылысы аяқталды

  • 892
  • UPD: 14:41, 09.03.2020

Риддер қаласында қоқыс өңдеу зауыты салынып болды. Бұл Шығыс Қазақстан облысында жаңа технология бойынша барлық экологиялық талапқа сай бой  көтерген алғашқы кәсіпорын.

Зауыттың тәулігіне 70 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықты өңдейтін техникалық қауқары бар. Жалпы құны 300 миллион теңге болатын өндірістік кешенді жергілікті кәсіпкер өз қаржысына салды. Енді кәсіпорын толық  іске қосылған соң қоқыстан мазут пен  көмірдің  жеңіл түрі  өндірілмек. Осылайша кәсіпкер зауытты салуға жұмсаған қаржысын сол өнімдерді сату арқылы қайтарып алуды  жоспарлап отыр.

Максим Щелкунов, қоқыс өңдеу зауытының цех басшысы:

- Бұл аумақта  жаңадан полигон ашуға мүмкіндік  жоқ. Барлық  жерде өзен, бұлақ  көзі бар. Ал қазіргі полигондағы бар қоқысты өңдейтін болсақ, экологиялық және экономикалық тұрғыда тиімді. Нәтижесінде екінші бір өнім жаасуға мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы