427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңырда 5 көп қабатты тұрғын үй салынады

  • 476
  • UPD: 20:05, 09.03.2020
Байқоңырда 5 көп қабатты тұрғын үй салынады

Байқоңырда тағы 5 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын нысан құрылысына 3 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Іргетасы мен қабырғасы биыл қаланатын 250 пәтерлік үйлер келер жылы тұрғындарға сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Айта кетсек, соңғы 30 жылда алғаш рет ғарыш айлағында баспанамен қамту жобасы жүзеге асырылып, былтыр бюджеттік сала қызметкерлері мен тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар 50 пәтерлік 5 үйге қоныстанған болатын. Енді алдағы 3 жылда жұлдызды қалашықтың су, кәріз желілерін жаңғырту және қайта құру жобасы іске асырылады.

Арнұр Нұрмағанбетов, облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан 5 көп қабатты тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Тұрғын үй құрылысы комитетінің кестесіне сәйкес барлық құжат бюджеттік өтінім алуға республикалық бюджет талқылауына тапсырылды. Құрылыстың жалпы мониторингі біздің басқарма құзырында, тікелей тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімі арқылы іске асырылады.

Хабар 24 телеарнасы