448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалағашта «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік нысандар жөнделіп жатыр

  • 101
  • UPD: 21:33, 09.03.2020

«Ауыл – ел бесігі» жобасы ауыл-аймақтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге оң ықпалын тигізуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әбден тозығы жеткен мектеп, мәдениет үйлері мен көшелер жаңа кейіпке еніп жатыр. Соның бір парасы Сыр өңіріндегі Жалағаш кентінде іске асты.

Мына нысанды кезінде іргесі мүжілген, есік-терезесі қаусаған ғимарат деп айту қиын. Келбеті адам танымастай өзгерген. Тек сырты ғана емес, іші де жарық әрі жайлы. Оқырман мен қызметкер риза. Ал ең бастысы, кітапты тиісті температурада сақтау мүмкіндігі туды.

Ұлмекен Меңдібаева, Жалағаш аудандық кітапханалар жүйесінің директоры:

– Бұрынғы келбетін айта кетсем, кітапхананың шатырлары ескірген, төбелерінен су ағып, пеш арқылы жылытылды осы уақытқа дейін. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 46 млн 681 мың теңге қаржы бөлініп, осы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Коворкинг орталығы, «Адалдық алаңы». Мұның бәрі кезінде тек арман еді. Ғимарат жаңарғалы жаңа идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігі туды.

Жалағаштағы 201-і мектепті сырттан келген адам су жаңа деп ойлауы ғажап емес. Алайда 30 жылдан кейін күрделі жөнделіп тұрғаны осы. Енді төбесінен су сорғаламайды, оқушылар тоңбайды.

Талғат Садықов, №201 мектеп директоры:

– Мектептің жылу жүйесі, есік-терезелері, мектеп жанынан спорт алаңы және ішкі әжетханалар, барлық кабинет жаңа үлгіде жасалды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жалағаш кентіне республикалық және облыстық бюджет есебінен барлығы 722 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға елді мекендегі 4 әлеуметтік нысан мен 15 көшеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүрді. Жалпы биыл облыс бойынша айтулы жоба арқылы 4 елді мекеннің тұрмысын жақсартуға бағытталған 57 нысан жаңғыртылады деп жоспарланған.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев

Хабар 24 телеарнасы