426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында егін науқаны мамыр айында басталады

  • 402
  • UPD: 10:53, 10.03.2020
Ақмола облысында егін науқаны мамыр айында басталады

Ақмола облысының диқандары биыл 4 млн 800 мың гектарға жуық жерге дән себеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, оның 4,3 млн гектары астық дақылдарының үлесінде. Көктемгі дала жұмыстарына 15 мың тұқым сепкіш пен 1 мыңнан астам заманауи кешен атсалыспақ.

«Ауа райы қолайлы болса, егін себу науқаны мамыр айының ортасында басталады», - дейді мамандар.

Айта кетейік, аймақ диқандары былтыр жаздың жаңбырлы болуына қарамастан 5 млн тоннаға жуық астық жинаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы