443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Былтыр автомобиль жолдары саласында 900-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

  • 180
  • UPD: 12:13, 10.03.2020
Былтыр автомобиль жолдары саласында 900-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрігінің Автомобиль жолдары комитеті, Цифрлық трансформация департаментінің, сондай-ақ, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ өкілдері автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі талқыға алынған кеңеске қатысты.

2019 жылы автомобиль жолдары саласында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ 906 мемлекеттік қызмет көрсетті. Тарқатып айтсақ, «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға рұқсат беру құжатын тапсыру» тармағы бойынша 99 қызмет көрсетілген. Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар арналармен, байланыс және электр қуатын беру жүйелерімен, мұнай құбырларымен және темір жолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беретін мемлекеттік қызмет 568 рет ұсынылған. Бұдан бөлек, «Кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу» тармағы бойынша 218 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жиын барысында Министрлік пен автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесін талқылап, қызметтің осы бағытын жақсарту келешегін айқындады.

Еске сала кетейік, стандарттар мен регламенттердің өзгеруіне байланысты мемлекеттік қызметтер 2019 жылдың 20 тамызынан бастап «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Ақпарат көзі: ҚР ИИД министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы