429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин: Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайды

  • 259
  • UPD: 15:45, 10.03.2020

Ақпан айында Қытайдан әкелінетін импорттың көлемі 11%-ке азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрші елдің тауарынан түсетін салық көлемі 12%-ке төмендеген. Бұл 2 млрд теңгеден астам қаржыны құрайды. Осылайша, коронавирустың таралуы импортқа салынатын құн салығының көлеміне кері әсерін тигізді. Нәтижесінде республикалық бюжеттің кірісі 83%-ке орындалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Бюджеттің шығысы 96,5%-ке орындалып, 52 млрд теңге игерілмей қалған. Сыртқы факторларға байланысты мемлекет бюджетінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. Бірінші кезекте шығыс бөлігі оңтайландырылады. Мемлекеттік органдардың, өңірлер мен квазимемлекеттік субъектілердің іс-шаралар жол картасы бекітіледі. Жалпы қаңтар-ақпан айларында құрылыс, байланыс, жеңіл өнеркәсіп және мұнай өңдеу саласында 10% шамасында өсім бар. Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді уақытында орындайтынын айтты. Осы орайда министрліктерге нақты тапсырмалар берді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, қр қаржы министрі

- Оңтайландыру бойынша бағыттар белегіленген. Біріншіден, бюджет қаражатының есебінен қымбат жиһаздар мен автокөліктер сатып алу, семинарлар, форумдарды өткізу және басқа да имидждік шаралар. Осы бағыттар бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілді. Екіншіден, кейінгі мерзімге қалдыруға болатын ағымдағы жағдайдағы басымды емес шығыстар, жобалар мен шаралар және де жаңа жобалар, олардың ішіндегі кейінге қалдыру шартымен бюджетте қарастырылған жобалар.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Өздеріңізге мәлім, әлемдегі экономикалық жағдай күрделі болып тұр. Сыртқы экономикада конъюнктураның теріс серпіні байқалып отыр. Бұл ретте қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Президенттің тапсырмасы бойынша Шұғыл әрекет ету штабы және барлық өңірлерде тиісті штабтар құрылды. Үкімет осы жағдайдың одан ары қарай дамуының бірнеше нұсқасын әзірледі. Әр нұсқа қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілген. Бұл шаралардың мақсаты халықтың әл-ауқатының сақталуын қамтамасыз ету болып саналады. Азаматтарымыздың ешқайсысын қиын жағдайда қалдырмаймыз. Мемлекет әлеуметітк міндеттемелері орындалады. Зейнетақы, жәрдемақы уақытылы әрі толық төлемде төленетін болады.

Хабар 24 телеарнасы