422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бес облысындағы елді мекендерді су басуы мүмкін

  • 457
  • UPD: 15:28, 10.03.2020
Еліміздің бес облысындағы елді мекендерді су басуы мүмкін

Көктемде еліміздің 5 өңіріндегі елдімекендер су астында қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Оның айтуынша, тасқынның алдын алу жұмыстары Шығыс Қазақстан мен Қарағандыда жүріп жатыр. Ал Қостанай мен Павлодар облыстарында 20 наурызда басталады. Сондай-ақ Ильин Солтүстік Қазақстанда қардың қалың түскенін және мұздың кеш еритінін айтты. Сондықтан аталған аймақта профилакитикалық шаралар қолға алынады.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Қазір біз «Қазгидрометпен» бірге күшейтілген жұмыс тәртібіне көштік. Қолда бар мәлімет бойынша 7-13 наурыз аралығында Қазақстандағы қар түскен аумақ көлемі 54%-ке дейін қысқарды. Түркістан, Қызылорда облыстарындағы ахуал қалыпты. Сырдария бетіндені мұз толық түсті, яғни қауіп жоқ. Шардара мен Көксарай су қоймалары да қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Олардағы су көлемі кестеге сай толып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы