411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ж.Бекшин ұйым басшыларына үндеу жасады

  • 252
  • UPD: 16:13, 10.03.2020
Ж.Бекшин ұйым басшыларына үндеу жасады

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұйым басшыларына ұсыныс жасады.

«Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына 1-2 санаттағы елдерден келген қызметкерлерді жұмысқа жолатпау керек. Неге десеңіз, ең біріншіден бүкіл ұжымды қорғау керек. Олар өз тарапынан өз жанұясын, достарын, туыстарының денсаулығын ойлауы керек», - деді Ж.Бекшин.

4-наурыздағы 12-қаулының 1 тармағына сәйкес, 1 Б және 2 санаттағы елдерден келетін адамдар заңнамаға сәйкес, тұратын жері бойынша өзін-өзі оқшаулап, үйдегі карантинде болуы тиіс.

Айта кетсек, 1 А тобындағы елдерден келгендер міндетті түрде 14 күнге карантинге жатқызылады.

Бүгіннен бастап Италия коронавирусқа байланысты 1-санаттың А тобына енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы