417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ долларының ресми бағамы 394 теңге болды

  • 521
  • UPD: 20:47, 10.03.2020

Бүгін Қазақстан қор биржасындағы АҚШ долларының ресми бағамы 394 теңге болды. Жалпы биржада сатылған доллар көлемі 502 миллион 500 мың. 

Бірақ, кейбір ақша айырбастау пункттерінде 1 доллар құны 396 теңгеге жетті. Ал Нұр-Сұлтан қаласында 397 теңгеден асты. Жалпы наурыздың 6-сы күні доллар бағамы 382 теңгемен шектелген. Төрт күнде шетел валютасы 12 теңгеге қымбаттады. Теңгенің әлсіреп, доллардың күшеюін сарапшылар болжаған. Дегенмен, бұған басты себеп әлемдегі Брент маркалы мұнайға деген сұраныстың 30 пайызға төмендеуі болып отыр. Ал инфляцияға жол бермей, теңгені тұрақтандыру үшін Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 12 % деңгейінде бекітті. Бұған қоса биржадағы доллар пәрменін анықтау үшін «франкфурт аукционы» жүйесі іске қосылды.  

Андрей Цалюк, Қазақстан қор биржасы басшысының орынбасары:

- Биржа «тәуекелдер параметрін» өзгертті. Шетел валютасы саудасына белсенді қатысушылар доллар өсімінің болатынын алдын-ала болжағаны да белгілі. Қазақстан қор биржасы шетелдік валюта нарығы мен құнды қағаздар саудасын қамтамасыз етуші орталық. Біздің міндет биржаға қатысуды қадағалап,  және шарттардың орындалуына кепілдік беру.

Хабар 24 телеарнасы