420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда азық-түлік бағасы мен қызмет құны қымбаттады

  • 481
  • UPD: 20:38, 10.03.2020

Атырау қаласында азық-түлік бағасы мен қызмет құны қымбаттады. Негізінен шет елдерден, соның ішінде Ресейден тасымалданатын тағам түрлерінінің бағасы өсті.

Дегенмен, көкөніс пен лимон және күріштің бағасында өзгеріс жоқ. Ал ақылы қызмет түрлері ақпан айында 16,5 процентке артып кетті.

Атап айтсақ, такси мен шаштараз қызметі, химиялық тазалау бекеттеріндегі бағада айтарлықтай өсу бар. Сондай-ақ теміржол билеті де қымбаттаған. Соңғы екі күнде қала базарларында импорттық тауарлардың құны да көтерілгені байқалды.

Айнаш Есжанова, облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары:

- Азық-түлік бағасы тауарлары бойынша ақпан айныда орташа баға өсімі. Жармаға 5 пайыз, май және тоңмайға 3,1, жемістер мен көкөністерге 2,3 пайыз, ұнға 1,3, сүт өнімдлеріне 1,1, жұмыртқаға 1 пайыз, қантқа 0,5  және етке 0,4 пайызға деп белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы