420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда соңғы үш айда азық-түлік бағасы қымбаттаған

  • 357
  • UPD: 19:40, 10.03.2020
Қарағандыда соңғы үш айда азық-түлік бағасы қымбаттаған

Қарағандыда соңғы 3 айда азық-түліктің кейбір түрі 15-20 процентке қымбаттаған. Әсіресе ет. Қазір әр килосы 1700 бен 2700 теңгенің аралығында саудаланып жатыр. Сүт өнімдері, жеміс-жидек, жаңғақ түрлерінің бағасы да анағұрлым өскен. Мәселен, алманың келісі 600 теңгеге жетсе, бадамның құны 4800 теңгеге шарықтап кеткен. Тұрғындардың айтуынша, енді доллар бағамының көтерілуі тағамның, тағы да басқа тұрмысқа қажетті тауарлардың одан әрі қымбаттауына әкеледі.

Роза Сүлейменова, қала тұрғыны:

- Ет бұрын 1800 еді, қазір 2200, қатты қымбаттап кетті ғой. Алмаларыңыз 500 теңге, тұр ана жерде, көріңіз. Шәй да қымбат. Вообще бәрі қымбат.  

Оразмет Летаев, қала тұрғыны:

- Жұмыртқаң бір 10 теңге ма, сондайға қымбаттады. Сүт те солай кішкене қымбаттады. Конечно доллар әсер етеді бағаға. Доллар қымбаттады десе сразу үрей басталады.

 Перизат Қайырова, қала тұрғыны:

- Нан қымбаттады, мысалы үшін. Содан кейін сүт өнімдері қымбаттады, 20 процентке қымбаттаған шығар. Бүкіл жаңалықтарда айтады, доллар өссе бізге ешқандай қатысы жоқ деп. Бірақ сонда да индивидуальный предпринимательдер бар емес па, олар бәрібір сол долларға қарап, продуктының ақшасын көтеріп жатады.

Хабар 24 телеарнасы