411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте медициналық маска жетіспейді

  • 317
  • UPD: 23:18, 10.03.2020

Шымкентте медициналық бетперде тапшы. Қаладағы дәріхана қызметкерлері тауарды ала алмай отырғанымызға бір ай боп қалды дейді. Бұл қорғаныш затының тапшылығы тұмау мен жедел респираторлық аурулар өршитін маусыммен тұспа-тұс келіп тұр.

- У вас есть маски?

- Масок нету.

- Масок нет. А как давно нет? Уже месяц почти. 

Бұл сұраққа қайтарылған жауаптар ортақ болды. Сондықтан Шымкентте бірреттік медициналық бетперде табу қиынға соғып отыр. 

- Масок на складах нету. 

Дәріхана қызметкерлерінің айтуынша, жағдайға әлемді әлекке салған коронавирус ықпал етіп отыр.  Жұқпалы дерттен сақтанған халық жаппай бетперде  сатып алуда.Тіпті қораптап алып жатқандар да бар. Облыстық тауарлар  мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдері мәселеден хабардар. 

Ләззат Қашқымбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Бетперделердің дәріханаларда жоқ екеніннен біз біліп отырмыз, кейбір дәріханаларда бар бірақ келген уақытта тез таусылып кетіп жатыр.Сондықтан халықты бетперде жасақтау мақсатында, біз кездесулерде айтып жатырмыз,медициналық марлядан жасалған бетпердені қорлдануға болатынын. 

Сала басшыларының мәліметінше,отандық кәсіпорындарда бірреттік бетперде шығаруға қажетті кейбір бөлшектер таусылып қалған. Сөйтіп, ол үшін өзге елге тапсырыс жасалған. Бұл да тауар тапшылығына ықпал етті. Енді тұрғындардың сұранысына байланысты Шымкенттегі зауыт кәдімгі дәкеден жасалған бетперделер тігуді қолға алды. 

Гүлия Жүзенова, зауыт директоры:

- Бұны жуса да болады, егер әрнәрсе жағылып қалмаса үтікпен, қатты қызған үтікпен үтіктесе де болады.Балаларға да үлкендерге де ыңғайлы.

Мамандар медициналық бетперделерді жаппай сатып алуға ешқандай негіз жоқ деп отыр. Өйткені елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ. Суық тию, тұмау аурулары да бақылауда.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Катерина Попкова

Хабар 24 телеарнасы