414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан - Өзбекстан шекарасы жабылмайтын болды

  • 1085
  • UPD: 07:55, 11.03.2020
Қазақстан - Өзбекстан шекарасы жабылмайтын болды

Короновируске қатысты Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы жабылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы көрші елдің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Қазір шекаралас жатқан елді мекендерде тұратын халық арасында әлемде өршіп тұрған індетке байланысты екі елге кіріп-шығу мүмкін болмайды деген қауесет тарап жүр. Мұндай алып-қашпа сөздер қос мемлекеттің азаматтарын бірдей алаңдатып отыр. Өйткені біздің тараптың саудасы тұралап қалуы ғажап емес. Ал жұмыс іздеп, Қазақстанға күнде қатынайтын өзбектер тұрақты нәпақадан қағылуы мүмкін. Бүгінде ала шапанды ағайынның елінде короновирус фактісі тіркелген жоқ. Алишер Шадмановтың айтуынша, Өзбекстан Қазақстанмен жұқпалы аурумен бірлесе күресуге дайын.

Алишер Шадманов, Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі:

– Бізде барлық мемлекеттегі, әсіресе шекаралас елдердегі эпидемиологиялық жағдайды күні-түні бақылайтын штаб бар. Абырой болғанда, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус ауруы тіркелген жоқ. Сол себепті көрші елмен шекараны жабуды жоспарлап отырған жоқпыз.

Хабар 24 телеарнасы