448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда қызанақ пен қияр қымбаттады

  • 154
Ақтауда қызанақ пен қияр қымбаттады

Көкөністің осы түрі Маңғыстау өңіріне көрші мемлекеттерден кемемен және теміржол арқылы жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған тасымал жолдары елімізде коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында уақытша жабық тұр. Сәйкесінше, тұрғындар күнделікті тұтынатын көкөністің бағасы күрт көтерілді. Қазіргі уақытта қалаішілік базарларда қияр мен қызанақтың бір келісі 1000-1300 теңгеден сатылып жатыр. Бұрын олардың көтерме сауда бәсі 500-600 теңгеден аспайтын дейді саудагерлер.

БЛИЦ:

– Қиярлар 1200-1300 теңгеден. Бұрындары 500-600, 700 теңгеге дейін болатын.

– Қызанақ пен қиярдың бағасы көтерілді. Себебі шекара жабық дейді.

– Өткен аптада 650-750-ден саттық. Қазір мыңнан сатып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы