420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері қазақстандықтарға 402 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

  • 388
  • UPD: 11:40, 11.03.2020
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 402 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді petropavltv.kz

2020 жылғы қаңтар және ақпан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 124,5 млрд теңге (ақпанда – 62,4 млрд теңге), ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 277,4 млрд теңге (ақпанда – 139 млрд теңге) бағытталды.

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 225,9 мың адамды құрайды, деп хабарлайды enbek.gov.kz.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемдерін қоса алғанда) 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 90 829 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесінде қатысу өтілін (мерзімін)   ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін ынтымақты жүйеде жинақталған және міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер негізінде сол күннен кейін жинақталған өтіл қосылады. Сонымен бірге МЗЖ төлеудің бір айы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бір айлық өтіл болып саналады.

Сонымен, егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды (2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31183 теңге), содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артып отырады.

Мысалы, қатысу өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94%-ын құрайды. Жұмыс өтілі 33 жыл  және одан да көп болған кезде, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары 100% мөлшерінде белгіленеді.

Осылайша, азаматтың зейнеткерлік жасқа жеткендегі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты және толық төленгеніне  байланысты болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты (ынтымақты) зейнетақы төлемдерінің мөлшері  1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнетке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болып келеді.

Хабар 24 телеарнасы