411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан - Ұлан-Батор рейсі тоқтатылды

  • 585
  • UPD: 13:14, 11.03.2020
Нұр-Сұлтан - Ұлан-Батор рейсі тоқтатылды charterom.com

«SCAT» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Ұлан-Батор бағытындағы әуе рейсін тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Моңғолияның төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешімі негіз болған. Қазір көршілер коронавирусқа байланысты барлық халықаралық әуе қатынастарын тоқтатып жатыр. Ал Нұр-Сұлтан - Ұлан-Батор бағытындағы әуе кемесі 11 наурыз бен 30 сәуірге дейін ұшырылмайды.

Хабар 24 телеарнасы