414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда балаларды оңалту орталығы ашылды

  • 294
Оралда балаларды оңалту орталығы ашылды

Батыс Қазақстан облысында «Бастау бизнес» бағдарламасының түлегі «Үздік әлеуметтік жоба» аталымын жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкерлік басқармасы ұйымдастырған байқауда түзету-оңалту орталығы өзге жобалардан озық шықты. 29 жастағы кәсіпкер Гүлнұр Төлеген аталған нысанды өткен жылы жеңілдетілген несие алып ашқан еді. Мұнда ақыл-есі мен сөйлеу қабілеті тежелген жеткіншектерге, аутизм синдромы байқалған балалар мен сал ауруына шалдыққандарға тиісті көмек көрсетіледі. Заманауи жабдықтар да арнайы сатып алынған. Мәселен биоакустикалық коррекция аппаратында ем алу үшін бұрын тұрғындар көрші елге сабылатын болса, енді алысқа бармай-ақ, мамандырылған жәрдемге жүгіне алады. Жалпы өңірде психоневрологиялық көмекке зәру 2738 мүгедек бала бар екен.

Алмагүл Жантурлина, қала тұрғыны:

– Мысалы, дыбыстарды айта бастады. Түсінігі көбейе бастады. Мысалы, бұрын бір нәрсе жоқ десең, 30-40 минут жер теуіп жататын. Қазір әрі кетсе, 5-6 минутқа созылады.

Гүлнұр Төлеген, кәсіпкер:

– Бұл балалардың көбін 6-7 жыл бойы көріп жүрмін. Себебі қайырымдылықпен айналысамын. Осы балалардың өмірге деген құлшынысын оятқым келеді. Сондықтан осындай ойды жүзеге асырып жатырмын.

Хабар 24 телеарнасы